Хабарландырулар

Патенттік ақпаратпен жұмыс жасау: Ғылыми қызметтерді коммерцияландыру және инновацияларға шолу

    2017 жылдың 10 ақпан күні сағат 10.00 «Патенттік ақпаратпен жұмыс жасау: Ғылыми қызметтерді коммерцияландыру және инновацияларға шолу» атты семинар сабағы өтеді. Семинар Ғылыми кітапхананың ТКҒ орналасқан 268 оқу залында болады.

Ғылыми кітапхана

«Bibliokomplectator» ЭКЖ оқу процесінде пайдалану бойынша МАСТЕР-КЛАСС

    2017 жылдың 14 ақпанында 2017 жылдың 17 ақпанында Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ Ғылыми кітапханасында «Ай Пи Эр Медиа» компаниясының өкілдері біздің университет қызметкерлеріне арнап «Bibliokomplectator» ЭКЖ оқу процесінде пайдалану» атты тегін МАСТЕР-КЛАСС сабағын өткізетінін хабарлаймыз.

Ғылыми кітапхана

Құрметті студенттер мен магистранттар!

    Инженерлік-физикалық биомедицина институты (ИФБИ) Сіздерді «Мәскеу инженерлік-физика институты» Ұлттық ядролық зерттеу университеті (ҰЯЗУ МИФИ) магистратура мен аспирантурада оқуға шақырады.

«Физика мен технологияның қазіргі заманғы мәселелері» атты VI Халықаралық жастардың ғылыми мектеп-конференциясы

    Ұлттық ядролық зерттеу университеті «МИФИ» Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың студенттерін, аспиранттарын, жас оқытушыларын 2017 жылы 17–21 сәуір аралығында «МИФИ» Ұлттық ядролық зерттеу университетінде өтетін «Физика мен технологияның қазіргі заманғы мәселелері» атты VI Халықаралық жастардың ғылыми мектеп-конференциясына қатысуға шақырады.

Хабарландыру

    2017 жылдың 10 ақпан күні сағат 10:00-де Минералогиялық мұражайда (ТМҒ - 1 қабат) «Солтүстік-Батыс Қаратау көміртек-кремнийлі ванадийлі тақтатастарының микро- және наноөлшемді минералдары» (Оңтүстік Қазақстан) тақырыбында баяндама өтеді.

Минералогиялық мұражай

УНИВЕРСИАДАНЫҢ БАСТАЛУЫНА 1 КҮН ҚАЛДЫ

    Алматыда өтетін 28-ші Қысқы Универсиадаға дүние жүзінің 57 мемлекетінен 2 мыңнан астам спортшылар қатысады.

ҚБД

Хабарландыру

    2017 жылдың 27 қаңтар күні, сағат 13:00-14:00 ҚазҰТЗУ-дың Басты оқу ғимаратының 505а аудиторияда «Құмдыкөл теміркендік кенорыны геологиясы және генезисі» тақырыбында ғылыми семинар өтеді.

ГжМГІИ

АКАДЕМИК ШАХМАРДАН ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ ШӘКІРТАҚЫ БАЙҚАУЫ

    Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры тағайныдаған жиырма* атаулы шәкіртақыны ұсынуға байқау жариялайды. Шәкіртақының төлену мерзімі 12 ай (2017 ж. сәуірінен 2018 ж. наурызына дейін).

Құрметті студенттер!!!

    Университетіміздің ұлт аспаптар оркестрі өз жұмысын жалғастырады. Оркестрдің бұрынғы мүшелерін, сондай-ақ бірінші курс студенттерінен ( домбыра, қобыз, баян,
прима, шертер, үрмелі және соқпалы) аспаптарында ойнайтын, талантты жастарды шақырамыз!

Имидж - тобы құрылады

    Студенттік шығармашылық орталығы университетіміздің имидж-тобына кастинг жариялайды.

Студенттер мәселелер жөніндегі департаменті

Болашақ