Хабарландырулар

«Физика мен технологияның қазіргі заманғы мәселелері» атты VI Халықаралық жастардың ғылыми мектеп-конференциясы

    Ұлттық ядролық зерттеу университеті «МИФИ» Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың студенттерін, аспиранттарын, жас оқытушыларын 2017 жылы 17–21 сәуір аралығында «МИФИ» Ұлттық ядролық зерттеу университетінде өтетін «Физика мен технологияның қазіргі заманғы мәселелері» атты VI Халықаралық жастардың ғылыми мектеп-конференциясына қатысуға шақырады.

Хабарландыру

    2017 жылдың 10 ақпан күні сағат 10:00-де Минералогиялық мұражайда (ТМҒ - 1 қабат) «Солтүстік-Батыс Қаратау көміртек-кремнийлі ванадийлі тақтатастарының микро- және наноөлшемді минералдары» (Оңтүстік Қазақстан) тақырыбында баяндама өтеді.

Минералогиялық мұражай

УНИВЕРСИАДАНЫҢ БАСТАЛУЫНА 1 КҮН ҚАЛДЫ

    Алматыда өтетін 28-ші Қысқы Универсиадаға дүние жүзінің 57 мемлекетінен 2 мыңнан астам спортшылар қатысады.

ҚБД

Хабарландыру

    2017 жылдың 27 қаңтар күні, сағат 13:00-14:00 ҚазҰТЗУ-дың Басты оқу ғимаратының 505а аудиторияда «Құмдыкөл теміркендік кенорыны геологиясы және генезисі» тақырыбында ғылыми семинар өтеді.

ГжМГІИ

АКАДЕМИК ШАХМАРДАН ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ ШӘКІРТАҚЫ БАЙҚАУЫ

    Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры тағайныдаған жиырма* атаулы шәкіртақыны ұсынуға байқау жариялайды. Шәкіртақының төлену мерзімі 12 ай (2017 ж. сәуірінен 2018 ж. наурызына дейін).

Құрметті студенттер!!!

    Университетіміздің ұлт аспаптар оркестрі өз жұмысын жалғастырады. Оркестрдің бұрынғы мүшелерін, сондай-ақ бірінші курс студенттерінен ( домбыра, қобыз, баян,
прима, шертер, үрмелі және соқпалы) аспаптарында ойнайтын, талантты жастарды шақырамыз!

Имидж - тобы құрылады

    Студенттік шығармашылық орталығы университетіміздің имидж-тобына кастинг жариялайды.

Студенттер мәселелер жөніндегі департаменті

ҚАЗҰТЗУ ОҚЫТУШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫ МЕН СТУДЕНТТЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!

    2017 жылдың 6 ақпанында ҚазҰТЗУ-де Оңтүстік Кореядан Сэджонг Университетінің ерікті өкілдері қонақта болады.

ҚБД

Хабарландыру

    2017 жылдың 27 қаңтарында 246 ТКМ аудиториясында сағат 10.00 Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ АжТТ институтының «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының ғылыми семинары өтеді.

АжТТ

Стипендиялық бағдарламалар

    Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлықты насихаттау аясында «Қытай стипендия кеңесі» 2017-2018 оқу жылына арналған Пекин технология институтының (Қытай) магистратура және PhD докторантура бөлімінде оқу үшін стипендия бағдарламарын ұсынады.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаменті

Болашақ