Хабарландырулар

Құрметті әріптестер!

     Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың инженерлік бейін зертханасы мен Полимерлік материалдар және технология институты сіздерді «Қоршаған ортаны қорғау, мұнай саласы, био-, нанотехнология және медицинада қолдануға арналған полимерлер» атты 4-ші Халықаралық семинар жұмысына шақырады.

Шет тілдерінен даярлық курсы

     әл-Машани атындағы Жоғары технологиялар және тұрақты даму институтының шет тілдері кафедрасы магистратурасына арнайы бағдарлама бойынша оқытылатын ағылшын, неміс және француз тілдерінен екі айлық даярлық курсқа тыңдаушылар қабылдайды.
     Курстар осы жылдың мамырында басталады.
     Ақпарат алу үшін мына телефон арқылы хабарласуға болады: 257-71-45 Асанова Майра.

Құрметті түлектер!

     Құрметті Металлургия және тау-кен факультетінің  1971 жылғы түлектері! (топтар МЦ-66 – 1,2; МЦА-66; ОПИ-66; МЕХ-66 1,2; ГО-66, ГИ-66, ГА-66)
  Түлектер ассоциациясы институтты бітірулеріңмен құттықтайды және  2011 жылы 3-4 маусымда, Алматыда, сүйікті  институт қабырғасында сіздердің бітірулеріңізге 40 жыл толуын атап өтпекші.

ҚазҰТУ XII -шi-Халықаралық «Білім және Мансап» көрмесіне қатысады

    Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ 2011 жылдың 20-22 сәуiр аралығында «Атакент» іскерлік ынтымақтастық орталығында өтетін XII -шi-Халықаралық «Білім және Мансап» көрмесіне қатысады.

ҚазҰТУ сырт жақта іс-шаралар өткiзедi

    Түлектерді Алматы облысы Қарасай ауданының Қаскелең қаласындағы Белинский атындағы орта мектептің акт залында 2011 жылы 15-16 сәуiрде өтетін «Ашық есiк күніне» шақырамыз. Басталуы: сағат 9.00.

ҚазҰТУ 2011 жылы мамырда университет
ашық есiк күнiн өткiзеді.
Өткізілетін күні жуықта анықталады.

РБАО тыңдаушыларына сертификаттарды тапсыру

    Республикалық біліктілікті арттыру орталығы профессор Беспалов В.Я. өткізген біліктілікті арттыру курсының тыңдаушыларын сертификаттар тапсыру үшін шақырады.Сертификаттар тапсыру 20-сәуірде сағат 11:00-де мұнай ғимараты конференц залында өтеді.

Құрметті әріптестер!

     Сіздерді 2011 жылдың 9-10 қарашасы аралығьнда Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде өтетін Қазақ тілі кафедрасының 20-жылдық мерейтойына арналған «Кәсіби тілді оқытудың өзекті мәселелері: қазіргі жағдайы және болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға шақырамыз.

8-ой Международный Молодежный Нефтегазовый Форум

     2010 жылдың 16-17 сәуірінде Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ жанындағы мұнай-инженер қоғамының студенттік бөлімшесі және ҚазҰТУ ғылым мен халықаралық қатынастар Департаментінің ұйымдастыруымен 8-ші Халықаралық Жастар мұнайгаз форумы өткізіледі.

толығырақ

002 «Сапалы және мөлшерлік көрсеткіштерді (экологиялық нормативтер және талаптар) әзірлеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша конкурс жарияланды

     Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі 002 «Сапалы және мөлшерлік көрсеткіштерді (экологиялық нормативтер және талаптар) әзірлеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша сапалы және мөлшерлік көрсеткіштерді (экологиялық нормативтер және талаптар) әзірлеу үшін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстың өтетіндігін хабарлайды.

Жаһандық серіктестік. Тілдік-мәдени біліктілік алмасу бағдарламасы. Сәуірдің 4 мен 22-і аралығында өтеді

     Шетел тілдері кафедрасы, университеттің барлық студенттері мен магистранттарын жазғы халықаралық лингво-мәдени “Inter-Varsity” атты бағдарламаға іріктеу сұхбатына шақырады.

Болашақ