Хабарландырулар

Кандидаттық емтихандар туралы

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде 2010 жылы күзде өтетін ғылым тарихы мен философиясы, шет (ағылшын, неміс, француз) және қазақ тілдері бойынша кандидаттық емтихан тапсыру үшін өтініштер қабылдауды жалғастырады.

Жас ғалымдарға арналған «Қазақстанда жасалған» атты жобаға конкурс жарияланды!

«Қазақстан жастарының Конгресі» ҚР Білім және Ғылым мнистрлігінің қолдауымен жас ғалымдарға арналған инновациялық жобалар бойынша конкурс жариялайды. Конкурстың басты мақсаты – жас ғалымдардың инновациялық тұрғыда шығармашылығын дамыту.

Конкурс туралы қажетті ақпараттарды және оның шарттарын Ғылым және халықаралық ынтымақтастық Департаментінің Ғылыми-техникалық бағдарламалар бөлімінен (616 МҒ, тел.257-71-44, 7258(ішкі)) алуға болады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! КОНКУРС

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2010 жылғы ғылым саласындағы сыйлықтарды: жаратылыстану ғылымдары бойынша үздік ғылыми зерттеулер үшін Қ.И.Сәтбаев атындағы сыйлықтар (бірінші және екінші), гуманитарлық ғылымдар бойынша үздік ғылыми зерттеулер үшін Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтар (бірінші және екінші), педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеулер мен жұмыстары үшiн Ы.Алтынсарин атындағы

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! КОНКУРС

Қазақстан Республикасы білім және ғылыми Министрлігінің Ғылым комитеті ғылым мен техника саласының дамуына үлкен үлесін қосқан ғалымдар мен мамандарға (75 стипендия) және талантты жас ғалымдарға (150 стипендия) арналған мемлекеттік ғылыми стипендиясына іздену конкурсының өтетіндігін хабарлайды.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы, 2010/2011

     2010/2011 оқу жылына арналған күндізгі оқу нысанындағы мамандықтар бөлінісінде жоғары білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-де TEMPUS халықаралық жобасы басталды

ҚазҰТУ-де 2009 жылдың наурыз айының 10 мен 13 аралығында «Энергетика және тұрақты даму саласындағы инженерлер мен экономистерге арналған магистрлік бағдарламалар» атты тақырыбына TEMPUS халықаралық жоба қатысушыларының бірінші отырысы өтті. Жоба үш жылға есептелген.

Болашақ